Шерзатты аяусыз өлтіргендер бұрын да сотты болғаны анықталды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1332

Шерзат Полатты өлтірді деген айып тағылғандардың біразы бұрын сотты болған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Талдықорғанда Шерзат өліміне кінәлілердің көбі бұрын қылмыстық жазаға тартылған болып шықты. Тоғыз айыпталушы сотқа қатысты. Бірақ кейбірі сот отырысына айыпталушы ретінде алғаш рет қатысып отырмағаны анықталды. 

1998 жылғы айыпталушы Сәкиев бұрын мейрамхана администратор болып істеген. Бойдақ, ата-анасымен тұрған. 2021 жылы Талғар аудандық сотының үкімімен Қылмыстық кодекстің 381-бабы бойынша екі жыл алты ай бас бостандығы шектелген. Қазір соттылығы жойылған.
Сәкиев сот отырысына дайын емес екенін, өзінің позициясын адвокатымен сөйлеспегенін айтты. 

Ал 2000 жылғы айыпталушы Белғожаев мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде әдіскер болып істеген. Ол да бұрын сотты болған, 2015 жылы 106-бап бойынша бас бостандығы шектелген. 

Тағы бір айыпталушы 1990 жылғы Дархан Әскентай да 2017 жылы істі болған. Іс тергеу сатысында жабылған. 

Азамат Тоқтаубаев 2024 жылы 17 қазанда жеті жылға бас бостандығынан айырылған. Сот қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтеу туралы үкім шығарған. Сондай-ақ, айыпталушы 1998 жылғы Ілиясов бұрын сотты болған. 2023 жылы 107-бап, екі жыл алты ай бас бостандығы шектелген, жазасы өтелмеген. Бойдақ, жұмыссыз.