Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстандағы болып жатқан жағдайды мұқият бақылап отыр, д...
Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовке Астанадан екі бөлмелі пәтер сыйға берілді
ҚР Туризм және спорт министрлігі
Астана әуежайында пара биатлоннан қысқы Паралимпиада чемпионы әрі пара шаңғы жарысынан қола жүлдегері Ербол Хамитовты салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Спортшыны жанкүйерлер, туған-туыстары және спорт саласының өкілдері күтіп алды. Ербол Хамитовты пен ұлттық құраманың спортшыларын Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов және Ұлттық паралимпиада комитетінің өкілі Бахыт Сапаров құттықтады.
«Бүгін еліміз үшін қуанышты күн. Тарихымызда алғаш рет Паралимпиада ойындарында пара биатлоннан алтын медаль жеңіп алып, оған қоса бір Паралимпиадада екі бірдей медаль еншіледік. Бұл нәтиже — ерен еңбек пен тыңғылықты дайындықтың, мықты рухтың көрінісі. Осы ойындарға ұлттық құрама 7 спортшымен 2 спорт түрінен қатысып, жалпыкомандалық есепте 18-орынға тұрақтады. Спортшылардың әрқайсысы ел намысын абыроймен қорғады. Біз сіздермен мақтанамыз», — деді ол.
Сондай-ақ, министр бапкерлер құрамының еңбегін де атап өтті.