АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі қатырды! Қазақтың "коронный" сөзін айтты

Бейнежазбадан

ЖАҢАЛЫҚТАР
3068

Халықаралық шай күніне арналған креативті видео әлеуметтік желілерде халықтың ризашылығына бөленуде. Бейнежазба АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған, деп хабарлайды madeniportal.kz Tengri Life-қа сілтеме жасай отырып.

Өздеріңіз білетіндей, БҰҰ Бас Ассамблеясы 2019 жылғы желтоқсанда өзінің қарарымен 21 мамырды Халықаралық шай күні (International Tea Day) деп жариялады. Біздің елде шай ең танымал сусын болып саналады.

Қысқа видеода АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Даниэль Розенблюм Астанада қонақтарды қалай қабылдайтынын, іскерлік кездесуден кейін оларды қалай шығарып салатынын көрсетеді. Сосын қонақтар кеткен соң, әр қазақ айтатын, әр қазаққа түсінікті "Ал енді өзіміз отырып бір шай ішейік" деген сөзді қойып қалады. 

Одан кейін қазақ ою-өрнегімен безендірілген кесемен шай келеді, қонақты шығарып салған адамдар өздері емен-жарқын отырып, мәз-мейрам болып шай ішеді. 

Елшілікте Қазақстанда шай жай ғана сусын емес екеніне назар аударылды.

"Бұл қонақжайлылықтың, достық пен дипломатияның символы. Халықаралық шай күні құтты болсын!"- деп құттықтадыелшіліктегілер.

 

КИНО

2026 жылдың 15 қаңтарында Rustem Omarov YouTube-арнасында (сондай-ақ серия сипаттамасында көрсетілге...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана қаласының тұрғыны аңшылық мылтықтан өтіп бара жатқан көліктің жүргізушісіне оқ атқан, деп хаб...