Қостанай облысында 112 ескерту жасады

Фото интернеттен

ЖАҢАЛЫҚТАР
2771

112 қызметі Қостанай облысының тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

«Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Ермаковка ауылындағы Сарыкөл көліндегі су деңгейі 8:00-де 853 см, 12:00-де 857 см болғанын, су деңгейінің көтерілуі 4 сағатта +4 см (тәулігіне +19 см), қауіпті деңгейі 915. см екенін ескертеміз», - делінген «112» ақпаратында. 

Су деңгейі егіс алқабынан еріген судың ағып келіп, көлге құйылуына байланысты көтеріледі. Су деңгейінің одан әрі көтерілуі болжануда. 

Егер осы қалыппен көтеріле берсе, су деңгейі қауіпті деңгейден асуы мүмкін. Салдарынан көлдің суы ернеуінен асып, жағасындағы ауылдарда орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстары мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басуы мүмкін», - деп хабарлайды «112» қызметі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...