Пәтерін жалға беретіндер енді 10 пайыз салық төлейді

Фото: wmaproperty.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1424

Қазақстанда пәтерін жалға беретін азаматтар жылдық табысына сәйкес салық төлеуі тиіс. Бұл талаптарды Мемлекеттік кірістер комитеті бекіткен, деп хабарлайды madeniportal.kz Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап. 

Пәтерін жалға беретін азаматтың жылдық табысы есептеледі. Мысалы айына 200 000 теңгеге жалға берсе, жылдық табысы 2 400 000 теңге болады. Осы сомадан 10% мөлшерінде жеке табыс салығы ұсталады.

Зейнетақы жарнасы, әлеуметтік төлемдер мен медициналық сақтандыру бұл салыққа кірмейді.

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндетті емес, бірақ бұл табысты заңдастырудың бір жолы. Барлық азаматтар жыл сайынғы кірістер мен мүлік туралы декларацияны келесі жылдың 15 қыркүйегіне дейін тапсыруы керек. Бұл талаптарды орындамаған жағдайда салық органдары әкімшілік шаралар қолдануы мүмкін, - деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сочидегі Бонди-Бич жағажайында болған атыс салдарынан 12 адам қаза тауып, 12 адам жарақат алды. Оқиғ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...