Павлодарда алаяқтар «есептегішті тексереміз» деп зейнеткерді алдамақ болған

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
629

Павлодарда алаяқтар «есептегішті тексереміз» деп зейнеткерді алдамақ болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Тәртіп сақшыларына егде жастағы тұрғын жүгінген. 

Зейнеткердің айтуынша, белгісіз адамдар оған хабарласып, өздерін электр желісі қызметкерлері ретінде таныстырған. 

Олар электр есептегішін тексеру сылтауымен SMS арқылы келген кодты айтуды сұрап, сеніміне кірген. 

Әңгімеден кейін зейнеткер алаяқтармен сөйлескенін түсініп, бірден полицияға жүгінген. 

Тәртіп сақшысы мен банк қызметкерінің арқасында алаяқтар зейнеткердің атына заңсыз несие рәсімдеп үлгермеді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысында балабақша қызметкерлері мінген көлік ауыр жол апатына ұшырап, үш әйелд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда 43 мыңға жуық азаматтың микрокредит рәсімдеу кезінде алданып қалуы мүмкін екені анықталд...