Өзі өлтірген әйелін 2 ай іздеген қостанайлық жігітке үкім шықты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
422

Қостанай облысының Қарасу ауданында әйелін өлтірген 26 жастағы жігітке қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкім шығарды. Сот оны 11 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қылмыс 1 ақпанда болған. Әйелі күйеуіне одан кететінін және енді оның маскүнемдігі мен қорлығына шыдамайтынын айтқан. Осыдан кейін ер адам оған шабуыл жасап, өлтірген. Кейін мәйітті үй ауласындағы шаруашылық құрылыстарының біріне жасырып қойған.

Келесі екі ай бойы ол марқұмның туыстарына әйелінің қайда екенін білмейтінін, оның қалаға кетіп, жұмысқа орналасқанын айтып келген. Тіпті әйелі жұмыс істеп жүр деген кеңсеге Қостанай қаласына екі рет барып, іздеу жұмыстарына қажет деп марқұмның ағасынан 300 мың теңге алған.

Әйелдің әкесі қызының жоғалып кеткені туралы полицияға арыз жазғаннан кейін шындық белгілі болды. Сол кезде ер адам мәйітті жасырған жерін көрсеткен.

Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындады. Бұл жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова кенже қызы Рабия Сұлтанның бір жасқа толған туған күнін а...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа адамдардың AntiLIPA Азаматтық науқаны осыған дейін Ayana Clinic-те тексеру жүргізген. Сол кезде...