Полиция формасын киіп, тікелей эфир жүргізген тиктокер қыз жазаланды

Фото: polisia.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1459

Полицияның формасын киіп тікелей эфир жүргізген қыздың нысанды киімдері тәркіленді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Шымкент қаласының полиция департаменті тик-ток әлеуметтік желісінде полицияның формасын киіп, тікелей эфир жүргізген блогерге қатысты әкімшілік хаттама толтырған. 

Polisia.kz сайтының ақпаратына сүйенсек, форманы киген қыз ішкі істер органдарынығң беделіне кір келтіретін және офицер атағына сай емес әрекет көрсеткен.

«Тәртіп сақшылары бойжеткеннің кім екенін анықтады. Ол полицияның жұмысына еш қатысы жоқ 24 жастағы азаматша болып шықты. Полицияның нысанды киімін заңсыз кигені үшін құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Нысанды киім тәркіленіп алынды», - деп хабарлайды дереккөз.

Сондай-ақ құқық қорғаушылар полицияның формасын заңсыз кию – тәртіпке қайшы әрекет екенін еске салады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада қоғамдық көлік пен шағын автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPorta...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...