Павлодарда ауыл әкімі жедел жәрдем қызметкерімен төбелесіп қалды

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1424

Павлодарда ауыл әкімі мен фельдшер төбелесіп, дәрігер зардап шекті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Желіде тараған мәліметке сәйкес, Қоянды ауылдық округінің әкімі Ержан Оразалимов Екібастұз қалалық ветеринарлық станциясының фельдшерімен жанжалдасып қалып, арты төбелеске ұласқан. Салдарынан медицина қызметкерінің бас миы шайқалып, бетінен жарақаттар алған.

Облыстық полиция департаменті жанжал фактісін растады. Ведомствоның хабарлауынша, төбелес кешкі уақытта іс-шара кезінде болған.

«Оқиға тұрмыстық сипатқа ие және олардың кәсіби қызметіне қатысы жоқ. Қатысушылар өзара татуласты, бір-біріне шағымдары жоқ», – делінген Павлодар облысы ПД түсіндірмесінде. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде тоғыз жыл бұрын жоғалып кеткен бір жарым жастағы Айшаның тағдыры әлі күнге дейін белгісіз. Қ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтау қаласында төрт баланың анасы күйеуінің соққыға жығып, қолын сындырғанын айтып, көмек сұраған,...