Су тасқынына байланысты республикалық маңызы бар жолдар жабық тұр

Фото: БҚО әкімдігі

ЖАҢАЛЫҚТАР
2352

"ҚазАвтоЖол" компаниясы республикалық маңызы бар жолдардағы су тасқынына қатысты деректерді жариялады, – деп хабарлайды madeniportal.kz.

«18 сәуір сағат 09:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың күрт еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 7120 метр болатын су тасқыны орын алды.

5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 12 автомобиль жолдарында (ұзындығы 720 км) қозғалысқа шектеу қойылды», – деп жазды ведомстводан.

Қазір республикалық жолдардағы жағдайды реттеу үшін 307 бірлік техника мен 370 адам жұмылдырылған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов екінші жары Айманмен бірге қасиетті Мекке мен Мединаға қажылық сап...

ӘДЕБИЕТ

Апам екеуіміз күні бойы күй­бең­десек те, қыбыр-жыбыр тір­ші­лі­гіміз бір бітпей...