Павлодарда ер адам әйелі мен 3 баласын өрттен құтқарып, өзі қаза тапты

Фото: ТЖМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1345

Павлодар облысында ер адам отбасын өрттен құтқарамын деп өзі көз жұмды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Қайғылы оқиға кеше, 9 қазан күні таңертең Тереңкөл ауылындағы жеке тұрғын үйде болған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде өрт үйдің шатырына дейін жеткен.  Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқарушылар үйден ес-түссіз күйде жатқан 1982 жылы туған ер адамды алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылған.

Марқұм өрт сөндірушілер келгенге дейін терезе арқылы 33 жастағы жұбайы мен 8, 6 және 2 жастағы үш баласын сыртқа шығарып үлгерген. Ер адам аудандық ауруханада көз жұмды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...