«Ақымақ», «мамбет», «ауылдан келгендер»: Желтоқсандықтарды қорлаған мұғалім жұмысынан айырылды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1300

Алматы тұрғыны Threads желісінде желтоқсан оқиғасына қатысқандарға және жалпы Қазақстанға қатысты өрескел қорлайтын сөздер жариялап, салдарынан қызметінен айырылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz  Orda.kz сайтына сілтеп.

Желтоқсан туралы жарияланым астындағы пікірлерде әйел қатысушыларды «ақымақ», «мамбет», «ауылдан келгендер» деп атаған.

Сонымен қатар бұл «ұстаз»  депутат Жанбыршиннің жазбасының астына да оны қорлайтын сөздер жазған. Бұл жазбалар желіде тез тарап, қоғамда үлкен наразылық тудырды.

Бұған ыза болған қазақстандықтар жаппай мемлекеттік органдарға жүгініп, әйелдің сөздерін Қылмыстық кодекстің 174-бабы (ұлтаралық араздықты қоздыру) бойынша тексеруді талап етті.

Сонымен қатар, желі қолданушылары оның жұмыс істеген компаниясына да теріс пікірлер қалдыра бастады. Соның салдарынан ұйымның 2GIS-тегі рейтингі бір тәуліктің ішінде күрт төмендеп кеткен.

Нәтижесінде әйел жұмыстан шығарылды, ал полиция әзірге бұл жағдайға қатысты түсініктеме бере қойған жоқ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...