Павлодарда ер адам бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек қылды

Фото: Envato

ЖАҢАЛЫҚТАР
1349

Павлодарда ер адам бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек қылды, деп хабарлайды Madeniportal.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ер адам әйеліне қоңырау шалып, жұмысқа апарып тастауды ұсынған. Жолда екеуінің арасында ұрыс шыққан. Межелі жерге келгенде әйелді көліктен шығармай қойған. Ол әрең дегенде көліктен түсіп, павильонға қарай жүгірген. Бірақ ішіне кіріп үлгермеген. Оны ер адам көлігімен павильонға қысқан.

Виолетта есімді әйел ауыр жарақат алып, бірнеше күрделі отадан өтті. Салдарынан ол аяғынан айырылды. Виолетта ауруханада әлі де ем қабылдап жатыр. Оған енді протез қажет.

Әйелдің 14 және 2 жастағы қыздары бар.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...