Павлодарда мектеп күзетшісі оқушыны соққыға жықты

Фото: Шедеврум

ЖАҢАЛЫҚТАР
1814

Павлодарда мектеп күзетшісі мас күйінде 6-сынып оқушысын ұрды. Ақпаратты аймақтағы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Облыстық полицияның хабарлауынша, мектеп күзетшісі мас күйінде 6-сынып оқушысының кеуде тұсын соққылаған. Оқиға 19 ақпан күні болды.  

Соққы салдарынан оқушы ауруханаға жүгінуге мәжбүр болған. Күзетші медициналық айықтырғыш мекемесіне орналастырылды. Ол қоғамдық орында мас болып жүргені үшін жауапқа тартылды. Оған айыппұл салынды. 

Сондай-ақ полиция білім басқармасына мектеп басшылығын жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс жолдады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...