Павлодарда облыстық мәслихат депутаты Александр Терентьев ұсталды. Бұған оның сүт фермасында болған...
Алматыда бір топ оқушы қатарласын аяусыз ұрып-соққан
Фото: видеодан скриншот
2852
Алматыда 8 наурызда сауда орталықтарының бірінде оқушылар 1 қыщға жабылып, ұрып-соққан, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Мәліметке сәйкес, бір қызға сегіз оқушы шабуыл жасаған. Олар оның бетінен ұрып, шашын жұлып, тепкінің астына алған.
Жәбірленушінің анасы қылмыстық іс қозғауды талап еткен. Дегенмен шабуыл жасағандардың біреуі ғана 40 мың теңге айыппұл төлеген. Жәбірленушінің анасы, қатаң жаза қолдануды талап етіп отыр.
Полиция қылмыстық іс қозғады. Жанжалға қатысушылардың барлығының жеке басы анықталды. Олардың ата-анасы жауапқа тартылды.