Шымкентте газ жарылып, 30 жастағы ер адам көз жұмды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
214

Шымкент қаласында тұрмыстық газдың жарылуы салдарынан бір отбасының үш мүшесі зардап шекті. Оқиға Абай ауданына қарасты Ынтымақ шағын ауданында болған, деп хабарлады  MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Sn.kz ақпарат порталы жазды.

Күйік жарақатын алған азаматтардың барлығы медициналық мекемеге жеткізілген. Алайда дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, 30 жастағы ер адам алған жарақаттарынан көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қалалық газ-техникалық қызметтің мәліметінше, тұрғын үй ішінде газдың жиналып қалуы жарылысқа себеп болған.

Абай ауданының Ынтымақ шағын ауданында газдың мақтауы тіркелді. Табиғи газ ағып, үй ішінде жиналған. Кешкі уақытта газды тексеру кезінде сіріңке жағылып, соның салдарынан жарылыс орын алды, – деп хабарлады мекеме өкілдері.

Куәгерлердің айтуынша, өрт бірден тұтанып, жалын бүкіл үйді шарпыған.

Бұл оқиға шамамен кешкі сағат 18:30-да болды. Қатты жарылысты естіп, сыртқа жүгіріп шықтық. Үйдің іші түгел жанып жатты. Анасы, баласы, келіні – барлығы отқа оранды. Олар өртті сумен сөндіруге тырысты, бірақ нәтиже болмады, – дейді қала тұрғыны Динара Тұрғанбаева.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында 2025 жылғы 25 желтоқсанда тіркелген бір...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал актер Азамат Сатыбалды Президенттің жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталды,...