Павлодарда өртенген дүкеннен ер адамның мәйіті табылды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2206

Павлодар облысында дүкен өртенді. ТЖдД қызметкерлері дүкен ішінен ер адамның мәйітін алып шықты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 10:45-те Астана көшесінде орналасқан құрылыс материалдары дүкенінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Шақырту орнына өрт сөндіру бөлімшелері, жедел құтқару жасағы мен апаттар медицина орталығы дереу жіберілді.

“Өрт сөндірушілер тез арада 40 шаршы метр алаңда құрылыс материалдарының жануын сөндіруге кірісті. Жұмысты қатты түтін қиындатты. Ғимараттан бір газ баллоны шығарылды. Өрт шыққан жерде 1965 жылы туған дүкен қызметкерінің денесі табылды”,– деді департаментте.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таиланд астанасы Бангкокта орналасқан Rong Beer Na Ladprao музыкалық бары мен түнгі клубында болған...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Футболдан әлем кубогының финалында Испания құрамасы Аргентинаны 1:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионы ат...