Павлодарда облыстық мәслихат депутаты ұсталды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
354

Павлодарда облыстық мәслихат депутаты Александр Терентьев ұсталды. Бұған оның сүт фермасында болған қайғылы оқиға себеп болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Шілде айында ферма аумағында алты жұмысшы қаза тапқан. Олардың арасында 17 жастағы мектеп оқушысы да болған. Тағы бір 38 жастағы ер адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген.

Алдын ала болжам бойынша, адамдардың өлімі кәріз құдығында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде уланудан болуы мүмкін.

Қаза тапқан 17 жастағы жасөспірім компанияда ресми түрде бағбан болып жұмыс істеген. Оның міндеті көгалдандырылған аумақтарға күтім жасау болған. Қайғылы оқиға болған жерде жасөпірімнің жүруі күдік тудырды.

Александр Терентьев облыстық мәслихатта құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияны басқарады.

Қайғылы оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

6 қыркүйекте саяжай қоғамдастықтарының бірінен 43 жастағы ер адам мен 55 жастағы әйелдің денесі табы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қабардин-Балқариядағы Безенги шатқалында Мижирги тауының баурайынан қар көшкіні түсіп, 11 альпинист...