Түркияда тағы да 6 баллдық жер сілкінісі болды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1186

Түркияның батысындағы Балыкесир провинциясында болған магнитудасы 6,1 жер сілкінісінің эпицентрі көршілес Маниса провинциясында да сезілді, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Табиғи апат салдарынан алты адам жеңіл жарақат алды.

Oxu.Az хабарлауынша, Маниса провинциясының әкімдігі осы оқиғаға байланысты ресми мәлімдеме жасады.

Берілген ақпаратқа сәйкес, жерасты дүмпулері салдарынан сегіз бірқабатты үй мен бір көпқабатты ғимарат зақымданған. Ғимараттардың қабырғаларында жарықтар пайда болып, бұл жергілікті тұрғындар арасында үлкен алаңдаушылық тудырды.

Айта кетейік, зардап шеккендер жарақаттарын дүрбелең кезінде, ғимараттарды жедел тастап шығуға тырысқан сәтте алған. Оларға медициналық қызметкерлер қажетті көмек көрсетті.

Еске сала кетейік, республика Ішкі істер министрлігі жер сілкінісі салдарынан 1 адамның қаза тауып, 29 адамның жараланғанын хабарлаған болатын.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...