Павлодарда жол апатынан екі адам қайтыс болды

Фото: Павлодар облысы ПД

ЖАҢАЛЫҚТАР
1406

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан екі бірдей адам қаза тапты, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Облыстық ПД мәліметінше, "Атамекен – Ақтоғай – Ресейдің Русская Поляна" автожолында болған ЖКО бойынша қылмыстық іс қозғалды

Алдын ала деректерге сәйкес, 30 тамыз күні «Шевроле» автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып қалған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2 адам қаза тауып, тағы 3 адам ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.

Полиция департаменті мұндай жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін қатаң сақтаудың, әсіресе қозғалысы қарқынды жол учаскелерінде, сондай-ақ көлік құралдарының техникалық жағдайын үнемі бақылаудың маңыздылығын еске салады, - деп жазылған ПД хабарламасында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...