Қостанай облысында жабайы түлкілер адамдарға шабуылдай бастаған

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1247

Қостанай облысының Жітіқара ауданында жабайы жануарлардың елді мекендер маңында көрінуіне байланысты арнайы жұмыс тобы құрылды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды  MadeniPortal.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеп.

Мақсат – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жабайы аңдардың пайда болуына жедел әрекет ету.

22 қазанда «Эталон» ЖШС аумағында күзет қызметкері жабайы аңды байқап, оны бейнежазбаға түсірмек болған.

Алайда аң агрессивті мінез көрсетіп, әйел жарақат алған.

Ол Жітіқара аудандық ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлік тексеруден өтті. Науқасқа вакцина егілді, жағдайы тұрақты, госпитализация қажет болмаған.

Кейін бұл бейнежазба үшінші тұлғаларға рұқсатсыз беріліп, 5 қарашада мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған.

Бұл жағдай тұрғындар арасында дүрбелең туғызған.

Прокуратураның мәліметінше, қазір аудан бойынша төрт шағым тіркелген, олардың барлығы бақылауға алынды.

Сонымен қатар 109 бірыңғай байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді, ол арқылы тұрғындар жабайы жануарлардың көрінуі туралы хабарлай алады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...