Павлодарлық оқушы негізгі ҰБТ-дан 140 балл алды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
673

Павлодар облысының жалпы орта білім беру мектебінің түлегі Әсет Альтаир негізгі ҰБТ-да 140 балл иегері атанды, деп хабарлады MadeniPortal.kz Sn.kz ақпарат порталы.

2026 жылғы 26 мамыр күні Павлодар қаласында орналасқан аймақтық тестілеу орталығында Әсет Альтаир «Математика-География» пәндер комбинациясын таңдап, ҰБТ-ны сәтті тапсырды. Ол бес пән бойынша ең жоғары 140 балды жинады. Альтаир — Павлодар қаласындағы № 7 жалпы орта білім беру мектебінің түлегі.

Мен 11-сыныптың басынан бастап ҰБТ-ға жүйелі түрде дайындала бастадым. Дәл сол кезде болашақ мамандығымды нақты таңдадым. Алдағы уақытта Maqsut Narikbayev University-не «Менеджмент» мамандығына оқуға түсуді жоспарлап отырмын. ҰБТ-ға дайындық барысында қолдау көрсетіп, жігер берген ата-анама және ұстаздарыма алғысымды білдіремін, — деді Әсет Альтаир.

Естеріңізге сала кетсек, негізгі ҰБТ-ның екі аптасында 92 мыңға жуық рет тест тапсырылды. Шекті балды 65% талапкер жинады. Бес пән бойынша орташа балл 63 балды құрады. 240 мыңға жуық талапкер негізгі ҰБТ-ға қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 446 мыңнан астам өтініш берген.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...