Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары мүгедектер туралы ауыр сөз айтты

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1192

Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатовтың халықпен кездесуде айтқан сөзі шу болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Талғарда өткен жиында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова да болған. Шенеунік толығырақ былай деген:

"Мүгедектерді сыйлайық, оларды онсыз да Құдай сынады. Алла сіздерді мұндай сынақтардан сақтасын. Әрдайым дендеріңіз сау, аман болыңыздар".

Көпшілік оның сөзін кемсітушілік әрі қорлау деп бағалады.

Кейіннен шенеунік сөзінің қате жеткізілгенін айтты. Ол “Құдай үлкен сынақ берген” деп айтпақ болғанын жеткізді. Осылайша көпшіліктен қателік үшін кешірім сұрады.

ТАРИХ

Қазақстан Ұлы Дала тарихы мен өркениетін зерттеу бағытындағы халықаралық ынтымақтастықты қолға алды....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы 2026 жылғы қаңтар-шілде айларындағы ақша-кредит саясатын жүзеге асыру қорытындысы т...