Әжесінің дәрісін ішіп қойған бес жасар қыз көз жұмды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
2370

Әзербайжанның Бейлаган ауданында қайғылы оқиға орын алды. 5 жасар Дениз Таирли қант диабетіне қарсы дәріден уланып, көз жұмды, деп хабарлайды madeniportal.kz el.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Марқұмның туыстарының айтуынша, бала түнгі уақытта қараусыз қалып, дәріні ішіп қойған.

15-20 минуттан кейін отбасындағы кіші бала әпкесінің дәрі ішіп қойғанын байқайды. Ата-анасы дереу жедел жәрдем шақырып, Денизді Бейлаган орталық аудандық ауруханасына жеткізді. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады, – деді туыстары.

Аталған қайғылы оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Бейлаган ауданындағы бұл қайғылы жағдай ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын тағы да еске салады. Дәріден улану секілді жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет.

ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ-та мигрант жасөспірім жасанды интеллект чатынан алған сценарий бойынша анасы мен інісін өлтірді...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Кенияның Ололокве тауында тікұшақ апатқа ұшырап, борттағы 7 адам – алты турист пен ұшқыш қаза...