Перзентханаға баласын тастап кетпек болған: Түркіменстаннан келген студент Алматыда сұмдық әрекетке барды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
186

Түркіменстаннан келген студент Алматыдағы перзентханада жаңа туған ұлын қалдыруға тырысқан, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Орталықтың міндетін атқарушы директоры Ақмолжан Зариповтың айтуынша, Алматыдағы бір жоғары оқу орнының студенті жаңа туған ұлын перзентханада қалдырудан бас тартқан. Нәресте балалар үйіне жіберілген.

Қыз мұндай әрекетке баруына қиын тұрмыстық жағдайы мен туыстарының қарсылығы себеп болғанын айтқан. Орталық қызметкерлері дереу Балалар үйіне барған.

«Жаңа туған келіншекпен психологиялық кеңес жүргізілді. Кеңестер нәтижесінде ол нақты шешім қабылдап, сәбиін алып кететін болды. Күтімін де өз мойнына алды», – деді Ақмолжан Зарипов.

Зарипов тура осындай жағдайдың бұған дейін де қайталанғанын жасырмады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Биылғы жылдың басынан бері террористік және экстремистік қылмыс  жасағаны үшін 17 адам бас бост...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайғылы жағдай Бородулиха ауданында тіркелді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу ба...