Марқұм Шерзат Полаттың әкесі қамалды, ал әпкесі Қазақстаннан депортацияланады

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
2611

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық соты Қаржаубай Нұрымов пен оның жақындарына қандай шара қолданылғанын хабарлады, деп жазды madeniportal.kz.

Еңбекшіқазақ аудандық соты әкімшілік іс жүргізу тәртібімен істерді қарау нәтижелері бойынша азамат С. Нұрымова ұсақ бұзақылық жасағаны үшін (ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі) 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚР бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзғаны үшін (ӘҚБтК 488- бабының 8-бөлімі.) азаматтығы жоқ адам жасаған, азаматша Б. Реймова әкімшілік тәртіппен 15 тәулікке қамауға алынып, кейіннен ҚР шегінен шығарып жіберілді.

Қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қорлап, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын айналасындағыларға құрметсіздік танытатын іс-әрекеттер жасағаны және көлік құралдарының қозғалысы үшін кедергілер жасағаны үшін (ӘҚБтҚ 434 -бабының 1 - бөлімі) азамат Қ. Нұрымов 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.


 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Отандық әнші Қуандық Рахым анасынан айырылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Әнші әлеуметтік желі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

86 жасында киноактер және жекпе-жек өнерінің шебері Чак Норрис өмірден өтті, деп хабарлайды Mad...