Пойыз теміржолшыны қағып кетті

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
558

Оқиға Қарағанды облысында 2 мамырдан 3 мамырға қараған түні болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, сағатына шамамен 60 шақырым жылдамдықпен келе жатқан электровоз теміржол монтерін қағып кеткен. Машинист шұғыл тежегішті іске қосқанымен, соқтығыстың алдын алу мүмкін болмаған.

Апат салдарынан 1977 жылы туған, 4-разрядты жол монтері оқиға орнында көз жұмды. Белгілі болғандай, ол сол сәтте теміржол бойындағы құрал-жабдықтарды күзетіп жүрген.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласына басқа өңірден келген ағайынды екі жігіт пәтер тонаумен айналысып жүр деген күдікке і...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимы...