Қайрат Нұртастың анасы тоғыз баласынан кішкентай кезінде айырылып қалғанын айтты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
205

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова ұлы дүниеге келгеннен кейін бастан өткерген ауыр сынақтары туралы айтып берді. Бұл туралы ол «Шайдың қыздары» подкастында ашық әңгімеледі, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, алғашқы қайғылы жағдай ағасының қазасы туралы хабарды естіген кезде болған. Ол сол уақытта аяғы ауыр болған және бұл хабарды өте ауыр қабылдаған.

«Дәрігерлер баланың жүрегі тоқтап қалғанын айтты. Бір күні ағамды іздеп Түркістанға хабарластым. Ол кезде смартфон деген жоқ. Сөйтсем, ағам досының үйінде екен. Тұтқаны досының әйелі көтеріп: "Гүлзира, сен бе? Ағаң қайтыс болды" деді. Мен қай ағам екенін де сұрамадым. Телефонды қоя салып, барлық ағаларымды ойлай бастадым. Бұл хабар мені қатты күйзелтті. Сол оқиғадан кейін баламнан айырылып қалдым», – деді ол.

Продюсер осы жағдайдан кейін тағы бірнеше рет түсік тастағанын айтты.

«Одан кейін тағы алты рет жүктілігім тоқтады. Ол кезде екеуіміз де студент едік. Бір таныс апай маған алты ай немесе бір жыл үзіліс жасауға кеңес берді. Содан кейін Аян дүниеге келді. Кейін тағы үш рет баламнан айырылдым. Жалпы алғанда тоғыз рет жүктілігім сәтсіз аяқталды», – деді Айдарбекова.

Ол бұл кезеңді әлі күнге дейін ауыр сезіммен еске алатынын, дегенмен ана ретінде бастан өткерген тәжірибесімен ашық бөлісуді жөн көргенін айтты.

Шоу-бизнес

Жұртшылыққа "Хан" деген атпен танымал белгілі асаба Қасым Өтешев қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін 10 т...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қостанай қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлсім Оразбаеваға қатысты тергеу әрекеттері жүргізілуі мүм...