20 мыңға жуық адам іздеп жатқан 8 жастағы баланың оқиғасы жүректі ауыртты

Фото: видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
695

15 маусым күні Ингушетияның Қарабұлақ қаласында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, 8 жастағы Хизир Дербичев суға батып бара жатқан досын құтқару үшін Сунжа өзеніне секірген. Екінші баланы ересектер аман алып қалғанымен, Хизирді қатты ағыс алып кеткен.

Төрт тәулік өтсе де бала әлі табылған жоқ. Іздеу жұмыстарына ТЖМ құтқарушылары мен Солтүстік Кавказ өңірлерінен келген еріктілерді қоса алғанда 20 мыңнан астам адам жұмылдырылған.

Мамандар өзен түбін тексеру үшін су деңгейін төмендету жұмыстарын жүргізуде. Ал еріктілер қолайсыз ауа райына қарамастан өзен арнасын жаяу шолып жатыр.

Хизирдің ерлігі көпшіліктің жүрегін тебірентті. Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жалғасуда.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық блогер Қайсар Қамзаның Вьетнамнан Қазақста...

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі 7 тамыз күні сағат 15:00-...