Қытай мен Ресей «Талибанның» билігін мойындамақ

Жаңалықтар
1701

Қытай мен Ресей Ауғанстанда билікті басып алған «Талибанның» ауған халқын басқаратынын мойындауды жоспарлап отыр. Бұл туралы DailyMail жазды, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

Анықталғандай, аталған мемлекеттер тәліптермен достастық қарым-қатынас орнатуға ниетті. Сонымен қатар олар билікті бейбіт жолмен тапсыруға шақыруда.

Сондай-ақ Ресей өз елшілігін елден эвакуацияламайды. Себебі тәлібтер Ресейдің димломатиялық персоналының қауіпсіздігіне кепілдік берген. РФ СІМ Кабулда жаңа билікпен қызметтік қарым-қатынастарды орнатқаны жөнінде хабарлады.

Ресейдің Кабулдағы елшілігі штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Ресейдің шетелдік мекемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаңа билік өкілдерімен қызметтік қарым-қатынас орнатылды, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ ресейлік СІМ-нің мәліметінше, Кабулда және жалпы Ауғанстанда жағдай түзеліп келеді. 

Тәлібтер қоғамдық тәртіпті орнатуға кірісті. Сонымен қатар шетелдік дипмиссиялар мен жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігіне кепілдік берді. Барлық ауған тарапын зорлық-зомбылықтан бас тартып, елде барлығын бейбіт жолмен шешілуге септесуге шақырамыз, - делінген хабарламада.

France 24 хабарлағандай, Қытай СІМ баспасөз хатшысы Хуа Чунин мәлімдеме жасаған. Айтуынша, «Талибан» республикамен қарым-қатынасты дамыту туралы және Ауғанстанды қалпына келтіру туралы бірнеше мәрте мәлімдеген.

Қытай ауған халқының өз тағдырын өз бетінше анықтау құқығына сыйластықпен қарап, Ауғанстанмен достық қарым-қатынасты дамытуды жалғастыруға дайын, - деді Чунин.

Бұл ретте палестиналық ХАМАС тобы «Талибан»-ды билікке қол жеткізгенімен құттықтап үлгерді.

madeniportal.kz

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...