Полиция көлігіне түкірген: Қызылордада жасөспірімдер TikTok-қа видео түсіру үшін бұзақылық жасаған

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
2199

Қызылордада полиция көлігіне түкіріп, оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған балалар жауапқа тартылды, деп хабарлайды madeniportal.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді бақылау барысында 19 жастағы қыз бен кәмелетке толмаған жасөспірімнің бұл әрекетін байқап, оларды тез арада тапты.

«Олар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, жасөспірімнің заңды өкіліне де шара қолданылды. Атап айтқанда, кәмелетке толмаған баланың түнгі уақытта ата-анасының қарауынсыз жүргені үшін хаттама толтырылды», – делінген полицияның ресми хабарламасында.

Іс материалдары мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданып, білім бөліміне ұсыныс жіберілді. Ювеналды полиция қызметкерлері мұндай оқиғалардың алдын алу үшін профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...