Павлодарда қайтыс болған адамдар дәрігерге «жүгінген»: Ер адамдар гинекологтан «кеңес алған»

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
724

Павлодарда «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» қаражаты есебінен жалған медициналық қызмет көрсетілген. Олардың ішінде қайтыс болған адамдарды мамандардың қабылдауына жазғаны белгілі болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бас прокуратура мәліметінше, невропатолог, кардиолог, хирург, психолог және басқа да мамандардың қабылдауына қайтыс болған адамдар «жазылған». Акушер-гинекологтың қызметі ер адамдарға «көрсетілген».

Сонымен қатар, тиісті сертификаттары мен рұқсат құжаттары жоқ мамандардың медициналық қызмет көрсеткені анықталған.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 100 млн теңгеден астам шығын өтелген.

Бас прокуратураның мәліметінше, қазіргі уақытта сотта мемлекеттік қаражатты 62 млн теңгеге жымқыру қылмыстық ісі қаралуда.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...