Шығыс Қазақстанда жол апатынан үш жас жігіт көз жұмды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
153

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданындағы Первомай кентінде өткен түні ауыр жол апаты болып, үш жас жігіт қаза тапты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Қайғылы оқиға туралы YK-news.kz хабарлады. 

Жергілікті әкімдік бұл жағдайды ауыр трагедия деп атап, марқұмдардың отбасыларына көңіл айтты. «Біздің кентте орны толмас қайғылы жағдай болды — үш жас жігіт көз жұмды. Ата-анасына, туған-туыстарына және осы қайғыны бөліскен барша жандарға шын жүректен көңіл айтамыз. Мұндай ауыр қазаны көтеруге сабыр мен күш тілейміз», – делінген Первомай кенті әкімдігі таратқан хабарламада. Сонымен бірге әкімдік ата-аналарға арнайы үндеу жасап, көлік пен мотоцикл тізгіндейтін жастардың қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырды.

«Балаларыңызбен жолдағы қауіпсіздік, жылдамдық режимін сақтау және мұқият болу туралы міндетті түрде сөйлесіңіздер», – деп ескертті жергілікті билік.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жас жігіттер жеңіл автокөлікпен жол апатына ұшыраған. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр. 

ТЕАТР

    «Бүкіл әлем - театр, ал ондағы адамдар - актер» деген Уильям Шекспирд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі, деп хабарлады MadeniPor...