Қазақстандықтар шенеуніктердің жалақы мөлшеріне әсер ете алатын болады

Сурет ашық дереккөзден алынды

Жаңалықтар
429

2025 жылдан бастап қазақстандықтар мемлекеттік қызметшілердің жұмысын онлайн жүйе арқылы бағалау мүмкіндігіне ие болады, деп хабарлады madeniportal.kz orda.kz порталына сілтеме жасап.

Оның үстіне азаматтардың бағасы шенеуніктердің жалақысының мөлшеріне тікелей әсер етеді. Яғни рейтингі төмендер аз алатын болады.

Мемлекеттік аппараттағы ашықтық пен жауапкершілікті арттыруға бағытталған бұл жоба 2029 жылға дейін аяқталады деп жоспарланған ауқымды цифрландыру бағдарламасының бір бөлігі болады.

Бұл бастама туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы есеп палатасы жанындағы Тиімділікті талдау және бағалау ғылыми-зерттеу орталығында айтылды.

Ғылыми орталықтың ғылыми жобалар жетекшісі Бауыржан Боқаевтың айтуынша, басты мақсат – азаматтар мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, сонымен қатар цифрландыру арқылы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру.

«Ұлыбритания, Сингапур және АҚШ сияқты елдердің басқару үлгілері Қазақстандағы меритократия, цифрландыру және мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру саласындағы озық тәжірибелерді енгізудің үлгісі болып табылады», - деді Бауржан Боқаев.

Жобаны дайындау шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің білімі мен дағдыларын бағалау стандарттары әзірленді, бұл олардың кәсіби қызметін бағалаудың жаңа жүйесіне негіз болады.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...