Жол апатынан жарақат алған футболшы бала санавиациямен Павлодарға жеткізілді

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2085

Ақмола облысында болған жол апатынан жарақат алған 13 жастағы жасөспірім санитарлық авиация көмегімен Павлодарға жеткізілді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Қазіргі уақытта ол дәрігерлердің бақылауында. 

«Баланың жағдайы туралы Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Олардың айтуынша, зардап шеккен жасөспірім 19 сәуір күні сағат 18:10-да Ерейментау ауданынан Павлодар облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер оған жабық бас-ми жарақаты, миының орташа дәрежелі шайқалуы және шүйде тұсындағы кең көлемді теріасты гематомасы диагнозын қойған», — делінген хабарламада.

Медициналық мамандар баланың жағдайын орташа ауырлық деңгейінде, бірақ тұрақты деп бағалап отыр.

«Баланың жағдайы тұрақты. Ол бастапқыда реанимацияда бақылауға алынды, кейін хирургиялық бөлімге ауыстырылды. Қажетті ем-шаралар жүргізілуде», – делінген басқарма мәлімдемесінде. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...