Қазақстандық боксшы Садриддин Ахметов кәсіпқой бокстағы өзінің тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді, деп...
Президент AMANAT партиясының «Әділет» партиясына қосылуы туралы айтты
Ақорда
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясының фракциясы мен барлық мүшелеріне белсенді әрі жасампаз ұстанымы үшін алғыс білдірді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
«Сіздер іс жүзінде шынайы отаншылдық пен азаматтық жауапкершіліктің үлгісін көрсетіп келесіздер. Жуырда өткен партия съезінде жаңа «Әділет» партиясына қосылу туралы аса маңызды стратегиялық шешім қабылданды. Бұл шын мәнінде тарихи қадамды толық қолдаймын әрі құптаймын. Барлық прогрессивті қоғамдық-саяси күштердің жалпыұлттық құндылықтар мен мақсаттар төңірегіне топтасуы елімізде жүзеге асырылып жатқан түбегейлі реформаларға тың серпін береді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, түпкі мақсат – жас ұрпаққа жарқын болашаққа жол ашатын өркениетті әрі озық мемлекет құру.
«Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Еліміздің табысты дамуы ең алдымен өзімізге қажет. Егер біз біртұтас ұлт ретінде жұмыла білсек, кез келген белесті бағындырып, алдымызға қойған барлық мақсатқа қол жеткіземіз. Біз қасиетті Тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайтып, Әділетті, Қуатты, Қауіпсіз, Таза әрі Озық Қазақстанды құрамыз. Мен бұған нық сенемін! Осы жолда жан аямай еңбек ету – әрбір азаматтың перзенттік парызы. Елімізде әрдайым бейбітшілік пен бақ-береке салтанат құрсын! Туған Отанымыз мәңгі жасай берсін!», – деп Президент Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзін қорытындылады.