Қарағандыда пациенттің өкпесінде ине қалып қойған

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1612

Қарағандыда медициналық қателіктің салдарынан ер адамның өкпесінде ине қалып қойғаны анықталды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Алик Сагин есімді тұрғын 14 сәуір күні рентгеннен өтіп, оң жақ өкпесінде күңгірттену байқалған соң, оған «туберкулезді плеврит» диагнозы қойылып, 15 сәуірде бірнеше сағатқа созылған ота жасалған. Кейін фтизиатрия орталығына емделуге жіберілген науқастың тыныс алуы қиындап, шар үрлеу арқылы өкпені жаттықтыру ұсынылған. Алайда кезекті тексеріс барысында оның өкпесінде медициналық ине қалып қойғаны белгілі болып, қайтадан шұғыл операция жасауға тура келген.

Бұл оқиға бойынша Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын растады. Дәрігерлер бұл жағдайды адами фактор деп түсіндіруде, ал қорытынды шешім тәуелсіз сараптама нәтижесімен анықталады. Өз кезегінде Алик Сагин моральдық өтемақы талап етіп отыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бір кездері әлемдік подиумдарды бағындырып, танымал брендтердің топтамаларын көпшілікке таныстырған...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында екі жастағы егіздердің анасының өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Марқұм...