ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында «Ауыл ам...
Президент Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтады
Фото: Ақорда
2022
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Ақорда хабарлағандай, жеделхатта Тоқаев Назарбаевтың тарихи рөліне тоқталып, оның жаңа дәуірдегі қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаушы екенін атап өткен. Тоқаевтың айтуынша, экс-президенттің Қазақстанның қалыптасуы мен даму жолындағы үлесі айрықша.
Президент сонымен қатар Назарбаевтың астананы көшіру туралы шешіміне назар аударып, бұл қадам ел экономикасының өсіп-өркендеуіне және мемлекеттің халықаралық беделінің нығаюына оң ықпал еткенін жазды.
Хат соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаевқа денсаулық пен амандық тіледі.