Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» сыйлығының иегерлерін марапаттады

Фото: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
819

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» байқауларына қатысқан кәсіпкерлердің барлығына алғыс айтып, лауреаттарды марапаттады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шағын және орта бизнес субъектілері арасында «Парыз» сыйлығы Солтүстік Қазақстан облысының «Ақ-Ниет-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне табысталды.

Ал ірі бизнес өкілдері ішінен Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» корпорациясы лайық деп танылды.

«Алтын сапа» сыйлығына «Үздік индустриалдық жоба» аталымы бойынша «Karlskrona LC AB» (Шымкент қаласы), «Үздік инновациялық жоба» аталымы бойынша «AG TECH» (Астана қаласы) компаниялары ие болды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысының тұрғыны Арман Шораев әлеуметтік желіде балағат сөздер қолданылған жазба жариялағаны...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс ағылшын тұқымды жүйрік Кабирхан ұзақ үзілістен кейін қайтадан...