Тараздық блогер бопсалады деген күдікпен ұсталды

Фото: Абай Жүндібаевтың Facebook парақшасынан

ЖАҢАЛЫҚТАР
2115

Таразда «Болашақ плюс KZ» қоғамдық бірлестігінің өкілі Абай Жүндібаев ұсталды, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасына спорт кешені директорын қорқыту және 2,5 млн теңге бопсалау туралы жедел ақпарат келіп түскен.

Пара алу кезінде Тараздың екі тұрғыны – Ахметжанов пен Кенесариев ұсталды. Олар кінәсін мойындап, ары қарай ынтымақтастық танытуға келісті. Ұсталғандардың бірі параны блогер Абай Жүндібаевқа апарып берген. Ол Facebook әлеуметтік желісінде сыни жазбалар жариялаған, бұл бопсалауға себеп болған.

Қазір Қылмыстық кодекстің 194-бабы бойынша (бопсалау) іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, оған мүлкін тәркілей отырып төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы немесе айыппұл түріндегі жаза берілуі мүмкін.

Бұл оқиғаға қатысты Жамбыл облыстық полиция департаменті әзірге ресми ақпарат берген жоқ. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...