«Айыппұлы жоғары»: Енді 16 жастан асқан балалар әлеуметтік желілерде отыра алмайды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1093

Аустралияда 10 желтоқсаннан бастап 16 жасқа толмаған балаларға TikTok, Facebook, Instagram, X, YouTube, Snapchat, Reddit, Kick, Twitch және Threads платформаларына кіруге рұқсат жоқ, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Осы қолданбалар балалардың аккаунттарын өшіруі тиіс. Жаңа заң талабы орындалмаса, платформаларға 49,5 млн австралиялық доллар (шамамен 33 млн АҚШ доллары) айыппұл салынуы мүмкін. Бұл тәжірибені Малайзия, Дания және Норвегия енгізуге дайын екенін жариялады. Еуропалық Одақ та ұқсас шектеулер туралы резолюция қабылдаған.

«Бұл барынша пайдасын береді. Бұл біздің ел кездестірген ең ауқымды әлеуметтік және мәдени өзгерістердің бірі. Біз ауқымды реформаны қолға алдық, оның әсері бүкіл әлемге сезіледі», - деді премьер-министр Энтони Албанезе.

Еске салайық, Қазақстанда да 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерге тіркелуге тыйым салынбақ. Ашық НҚА порталында БАҚ және онлайн платформалар туралы заңға жаңа түзетулер енгізілді. Олар балаларды зиянды контенттен және интернеттегі қауіптерден қорғауға бағытталған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...