Президент Қазақстанда инфляцияны үш жыл ішінде төмендетуді тапсырды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
46

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Ұлттық банкке үш жыл ішінде инфляцияны төмендетуді қамтамасыз етуді тапсырды және нәтижеге қол жеткізу үшін дербес жауапкершілік болатынын ескертті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

 Мемлекет басшысы инфляцияны күрт секіріссіз және экономиканың өсуіне зиян келтірмей, тұрақты әрі бақылауға болатын деңгейге дейін төмендету қажеттігін атап өтті.

— Инфляция деңгейінің жоғары болуының себептері бізге түсінікті. Енді бұл мәселені елдің дамуына нұқсан келтірмей шешу керек. Алайда бұл жөнінде пікірлер әртүрлі, — деді ол.

Президент Үкімет пен Ұлттық банкке бірлесіп қадам-қадамымен жүзеге асырылатын іс-қимыл алгоритмін әзірлеуді тапсырды. Оның айтуынша, бұл жұмысқа барлық мемлекеттік органдар, сондай-ақ сарапшылар қауымдастығы да тартылуы тиіс.

— Қайталап айтамын: қолайсыз жағдайды шұғыл түрде өзгертіп, үш жыл ішінде инфляцияны төмендету үшін нақты шаралар қабылдау қажет. Бірлескен іс-қимыл бағдарламасының сапалы іске асырылуын қамтамасыз ету керек, — деді Президент.

Мемлекет басшысы формалды көзқарасқа жол берілмейтінін де атап өтті.

— Мәселені талқылаумен созбалаңға салу, қажетсіз «жол карталарын» әзірлеу әрекеттері жауапкершіліктен жалтару ретінде бағаланады. Алдын ала ескертемін: мұндай жағдайларда қатаң ықпал ету шаралары қабылданады. Нәтиже ретінде халықтың нақты табысының өсуіне алып келетін нақты көрсеткіштер ғана танылады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты аяз күтіледі, деп хабарлады MadeniPortal.kz.  11–...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желіде әсерлі жазба жария етті, деп хабарлады M...