Астанада насыбай сатқан дүкен иелері жауапқа тартылды

Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1704

Астанада полиция насыбай сатқан дүкен иелері жауапқа тартты, деп хабарлайды madeniportal.kz Halyq Uniтілшісіне сілтеме жасап. 

Нұра ауданының әкімдігі мен полиция бірлесіп, насыбай мен снюс сату дерегін анықтау үшін арнайы рейд жүргізді. Нәтижесінде тыйым салынған өнімдерді сатқан 3 дүкен анықталды.

Тәртіп сақшылары жалпы сомасы 25 мың теңге болатын 40 қорап насыбай мен 20 қорап снюсті тәркіледі. ӘҚБтК-нің 196-бабына сәйкес дүкен иелеріне 92 300 теңге (25 АЕК) әкімшілік айыппұл салынды.

Ауданда мұндай рейдтер үнемі өткізіледі. Жыл басынан бері 230-ға жуық дүкен тексерілді. Кәсіпкерлерге вейп, насыбай және снюс сатуға болмайтынын ескертіп жатырмыз, - деді Нұра ауданы әкімі аппараты Кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Батырхан Жанпейісов. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Референдум бойынша алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Еуразиял...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Балпық ауылдық округінің орталығы – Жаңаталап ауылында №147 сайлау учаскесінде таңмен таласа о...