Фото авторы А.НұршановТәуелсіздік күні қарсаңында облыс әкімінің жүлдесі үшін журналистер арасында д...
Президентке пародия жасайтын белгілі актер ұсталды
4537
АҚШ президенті Дональд Трамп өзіне пародия жасайтын актер Алек Болдуинге сәттілік тіледі. Голливуд жұлдызы жұма күні Нью-Йоркте ұсталған. Болдуин Манхэттен аудандарының бірінде бір адамға жұдырық ала жүгіргенге ұқсайды. Құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сенсек, төбелес автотұрақта болған.
"Мен оған сәттілік тілеймін", - деді шуға қатысты журналистерге түсініктеме берген Трамп.
Алек Болдуин – америкалық актер, кинорежиссер, "Алтын глобус" және "Эмми" жүлделерінің иегері. Демократиялық көзқарастарымен танымал Болдуин бұған дейін америкалық телеарналардан берілетін әзіл-сықақ бағдарламасында Трампқа пародия жасаған.