Жер сілкінісінен 250-ден аса адам қаза тапты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1719

Ауғанстанда жер сілкінісі болып, 250-ден аса адам қаза тапты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Елдегі Кунар провинциясында магнитудасы 6 балдық жер сілкінісі тіркелген. Алдын ала деректер бойынша 250-ден астам адам қаза тауып, 500-ден аса адам жараланған.

Жолдар топан судан жабылып қалған. Тікұшақтармен құтқару жұмыстары жүргізілуде. Мамандар мұны елдегі ең күшті жер сілкіністердің бірі деп бағалап отыр.

Аймақта магнитудасы 5,2-ге жететін екі қайталама дүмпу болды. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, эпицентр Джелалабадтан солтүстік-шығысқа қарай 27 шақырым жерде орналасқан.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...