Президентке қарсы жаппай наразылық өтіріп жатыр

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2387

АҚШ-та Трамп пен Маскқа қарсы жаппай митинг өтіп жатыр, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Белсенділер 50 штатта 1400-ден аса акция өткізуді жоспарлап отыр. "Hands Off!" (Қолыңды тарт!) деп ұрандатқан белсенділер штаттардағы заңды, федералды мекемелердің және конгрессмендердің кеңселерінің алдына жиналды.

Деректерге сүйенсек наразылық білдіруге 600 мыңға жуық адам жиналған. Ал негізгі талаптарының ішінде "миллиардерлердің билікті жаулап алуын доғаруды" және Трамп кеңсесіндегі жемқорлықты тоқтату бар. Сондай-ақ олар денсаулық сақтау және медициналық сақтандыру бағдарламаларын қаржыландыруды, иммигранттар мен трансгендерлерге шабуыл жасауды тоқтатуды талап етіп отыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...