2021 жылдың 25 қазанында 19-00-де Еркеғали Рахмадиев атындағы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекет...
Апаттан қаза тапқан ұшқыштар туралы тың дерек шықты
Коллаж
Сарапшылар Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың экипаж мүшелерінің ерлік жасағанын айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Еске салайық, Ақтаудағы ұшақ апатынан капитан Игорь Кшнякин мен екінші ұшқыш Александр Кальянов және аға бортсерік Хокума Алиева қаза тапты. Қалған екі стюардесса Зульфугар Асадов пен Айдана Рахимли аман қалып, ауруханада жатыр.
AZAL ұшағының құлау кезіндегі соңғы минуттарының егжей-тегжейлі видеосы тарағаннан кейін, сарапшылар ұшақ экипажын «батырға» теңеді. Олардың пікірінше, жолаушыларды құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасаған ұшқыштар мен бортсеріктер соңғы демі қалғанша күрескен.
Бейсенбіде Әзірбайжан үкіметінің дереккөздері Euronews-ке апаттың себебі ресейлік әуе зымыраны екенін растады.
Кейінірек Reuters агенттігіде дәл осы ақпаратты таратты.
Әзірбайжандық ұшқыштардың шұғыл қону туралы өтініштеріне қарамастан, Ресей әуежайларына қонуға рұқсат етілмеген. Ұшқыштар Каспий теңізі арқылы Қазақстанға қарай ұшуға мәжбүр болды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ұшақтың GPS навигациялық жүйелері теңіз үстінен ұшу кезінде бұғатталған.