Ресейде жасөспірім 4 сынып оқушысын пышақтап тастады

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1166

Мәскеу облысында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасап, бір оқушы қаза тапты, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Сейсенбі күні Подмосковьедегі Горки-2 елді мекенінде орналасқан мектепте төтенше оқиға болды. Алдын ала мәлімет бойынша, осы мектептің 15 жастағы оқушысы ғимарат ішінде бұрыш баллончик шашып, күзетшіні және 4-сынып оқушысын пышақтаған. Ауыр жарақат алған 10 жастағы бала оқиға орнында көз жұмды.

Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, күдіктіні ұстады. Ол өз кінәсін мойындаған. Тергеу деректеріне сәйкес, қаза тапқан бала Тәжікстан азаматы болған, ал шабуыл ұлтаралық өшпенділік негізінде жасалуы мүмкін. Оқиға бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...