Тоқаев қыркүйекте халыққа Жолдау жариялайды

ЖАҢАЛЫҚТАР
3378

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, - деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

"2 қыркүйекке жоспарланған Халыққа Жолдауымда есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде Парламентке және Үкіметке тапсырмалар жүктеледі", - деді Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында. 

Қазақстанда зорлау үшін жазалау тақырыбы "Тальгода" болған оқиғадан кейін шыққан үкімнен кейін белсенді талқыланып жатыр. 26 шілдеде сот Қостанайда жолсерік Жетес Үмбеталиев пен Колқанат Құрманиязовты жолаушыны зорлағаны үшін кінәлі деп таныды. Олар екі жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Жәбірленуші тарап ең ұзақ мерзімді, ал прокурор - алты жылдан астам колонияны сұрады. Десе де, сотталушылар кінәсін мойындамай, бұл екі жақты келісім бойынша жасалғанын атап өтті.

author

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

ҚАЙРАТКЕР

ЖАҢАЛЫҚТАР

Премьер-министр елде қосылған құн салығының 12 пайыздан 20 пайызға дейін артуы мүмкін екенін мәлімде...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астаналық массажист Замир Байковты ұрып кеткені жайлы оның туған ағасы Дамир әлеуметтік желіде жаз...