СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ – АҚШ-ТА

ЖАҢАЛЫҚТАР
1037

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеоның шақыруымен Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Діни сенім бостандығын насихаттау жөніндегі бірінші министрлік конференцияға қатысу мақсатында Вашингтон қаласына барды.

Конференция қарсаңында Қ.Әбдірах­манов АҚШ Мемлекеттік департаментінің басшылығымен, соның ішінде Мемлекеттік хатшы­ның бірінші орынбасары Джон Салливан және 90 жылдардың екінші жарты­сын­да АҚШ сенаторы ретінде Жібек жолы стратегиясы форма­тында ынты­мақтастықты дамытуға қатысты бастама көтерген. Діни бос­тан­дық жөніндегі елшісі Сэм Браун­бэк­­тың қатысуымен бірқатар кездесу өткізді.
Дипломаттар Қазақстан – АҚШ қатынастары жоғары қарқынмен дамып отырғанын, сондай-ақ Прези­дент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы қаңтардағы Вашингтонға жасаған ресми сапарының қорытын­дысы бойынша қол жеткізілген уағ­да­­ластықтардың жүзеге асырылу бары­сын атап өтті. Тараптар Қазақ­стан мен АҚШ арасындағы саяси және сауда-экономикалық ынтымақ­тас­­­­тықты кеңейтуге ерекше назар аударды.
Сол күні министр Қ.Әбдірахманов американдық жетекші компаниялар мен корпорациялардың басшылы­ғымен кездесіп, оларды Қазақстанда бүгінгі күні бизнес жүргізу үшін жасалып жатқан жаңа қолайлы жағдайлармен таныстырды. Келі­сімдердің жоғары деңгейде, Қазақ­стан және АҚШ Президенттері ара­сын­да табысты жүзеге асырылуы арқа­­сында, іскерлік белсенділіктің, соны­мен қатар Қазақстан эконо­мика­сына американдық инвести­ция­лардың келуінің артқаны атап өтілді.
Министр Мемлекет басшысының жүргізіп отырған қазақстандық эконо­­миканы әртараптандыру саяса­тын ескере отырып, ірі жоғары техно­ло­гиялық жобаларды іске асыру үшін, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі, кө­лік инфрақұрылымы, ауыл шаруа­­шы­­лығы, байланыс және IT техно­логияларды дамыту салаларын­да америкалық тәжірибе мен капи­талды ауқымды түрде тартуға Қазақстан қызығушылық танытып отырғанына назар аударды. Осы және басқа да көптеген жобалар қазақ­стандық ресми тұлғалардың АҚШ-қа және америкалық сауда мис­си­я­ларының Қазақстанға жасайтын алдағы сапарлары барысында әзірле­ніп, іске асырылатын болады.

Гүл БЕКЗАТ

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ғұламалар кеңесі криптовалютаны пайдалануға тыйым салды, д...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шерзат Полаттың ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы 10 сәуірде өтеді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ....